«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы

Патриотизм, рух пен күш-жігер. Міне, осы қасиеттерді балалардың бойына дарытумен айналысатын «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы. Бұл ұйым елде 2018 жылы құрылған. Алғашқы орталық Астанада ашылды. Кейін барлық өңірлерде құрылды. Бүгінде қозғалысқа қосылған жастардың қатары 260 мыңнан асады.