Қазақстанда жасалған. Құрт – пайдалы, нәрлі, қадірлі тағам

Елімізде бала кезінен құртты сүйіп жеп, оның дәмін білмейтін адам кемде-кем шығар.

Ауылда әжелермен бірге өз қолымен құрт жасағандар да жетерлік. Құртты жеп көргендер тұзды-қышқыл дәмін ешқашан ұмытпайтын болар. 

Ал бүгінде құрт қалай әзірленеді? Құрт қазақ халқынан басқа қай елдерде танымал? Оның құрамында қандай дәрумендер бар?