Қ.Тоқаев: Ауғанстанның жаңа билігімен іс-қимылды үйлестіру қажет | Әлем

Ауғанстандағы ахуалды реттеуге Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы атсалыспақ.

Біздің мемлекет бұл аймаққа бітімгер әскер жіберуі мүмкін.

- Ауғанстандағы гуманитарлық апаттың алдын алу мүмкін бе? Қауіпсіздікті қайтсек күшейтуге болады? Душанбедегі қос саммитте Ұжымдық қауіпсіздік ұйымына мүше мемлекеттер қандай ұйғарымға келді?

- Еуроодақ «Талибанмен» келіссөз жүргізгеннен басқа амал жоғын мәлімдеді. Өзге елдердің ұстанымы өзгерді ме? Сарапшылар болжамы қандай?

- Ресейде парламент сайлауы өтті. Коронавирус пандемиясы жағдайындағы саяси науқан ерекшеліктері қандай? Мәскеуден Дана Нұржанның репортажы. 

- АҚШ - Австралия - Ұлыбритания. Үштік қорғаныс. Сарапшылардың пікірінше, бұл – Үнді-Тынық мұхиттары аймағында Қытай ықпалының күшеюіне төтеп беру мақсатымен құрылған одақ.