Сеулде 100 мың адам жиналған фестивальде 137 полицей ғана болған | ӘЛЕМ
Сеулдегі қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.
Сол күні қаланың басқа аудандарында наразылық акциялары өткен. Полицейлердің көбі сонда жіберілгендіктен, қайғылы оқиға болған Итэвон ауданында 100 мың адам жиналған фестивальде тәртіпті небәрі 140 маман ғана қадағалаған. Үндістанда да тергеу амалдары жалғасып жатыр. Мұнда үстінде 500 адам тұған аспалы көпір опырылып құлап, 140-қа жуық адам қайтыс болған. Ресейде биыл бидайдың рекордтық көлемі жиналды. Енді мемлекет оның бір бөлігін кедей елдерге экспорттап, нарықта Украинаның орнын басуға ниетті. Ал Еуропада төрт күндік жұмыс аптасын енгізіп жатқан елдер саны артып барады. Бастама авторлары бұл еңбек өнімділігін арттырады дейді.