Ең қымбат әрі ең даулы чемпионат | ӘЛЕМ

Сирия мәселесіне арналған Астана саммитінің 20-шы раунды Астанада келер жылдың алғашқы жарты жылдығында өтеді. Ұжымдық қауіпсіздік және шарт туралы ұйымның төрағалығы Армениядан Беларуське өтті. Ал бірлестіктің Бас хатшысы лауазымына Иманғали Тасмағанбетов тағайындалды.Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі ахуал қайта шиеленісіп барады. Тегеран енді уран байытуды 20-дан 60 процентке дейін ұлғайтатын болды. Бұрын вирусты жұқтырудың бірлі-жарым оқиғасы үшін ірі шаһарларды жауып тастап, қатаң шара қабылдайтын Қытайда енді тәуліктік өсім 30 мыңнан асып кетті. Шотландия тәуелсіз мемлекет болу мүмкіндігін 2014 жылы жіберіп алды. Және жаңа референдум өткізе алмайды.