Экс-шенеуніктердің заңсыз жолмен тапқан ақшасына мектептер салынады | Әлем
Осы аптада әлем назары АҚШ-қа ауды. Мұнда Дональд Трамптың сот процесі өтті. Экс-президентке қатысты бірден 30-дан аса бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Саясаткер оның ешқайсысын мойындамай, кінәлі емес екенін айтады.
Шотландияда экс-басшыға қатысты дау шықты. Ақпанда ғана қызметінен кеткен үкімет басышсы Никола Стёрджен өзі 9 жыл басқарған ұлттық партияда алаяқтықпен айналысты деген күдікке ілініп отыр.
Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министр Борис Джонсонның басы тағы дауға қалды. Әңгіме сол баяғы сауық кештері жайында.
Өзбекстанда экс-шенеуніктердің заңсыз жолмен тапқан 20 миллион доллары қазынаға қайтарылды. Бұдан бөлек тағы бір миллиард долларға жуық қаражатты бұғаттау міндеті тұр.