Газа секторында оқ атылмайды. ХАМАС тұтқындарды босатты | Әлем
- Осы аптада Израиль билігі мен палестиналық ХАМАС өкілдері бір мәмілеге келді.
4 күн оқ атылмайды. ХАМАС мүшелері келіскендей тұтқында ұстап отырған адамдардың алғашқы тобын босатты. Израиль де жергілікті түрмеде отырған палестиналықтарды жіберді.
- Парижде тағы да референдум өтеді. Онда жол талғамайтын көліктерге қатысты мәселе көтеріледі.
- Исландияда жанартаудың атқылауы бүкіл қаланы жермен-жексен етуі мүмкін. Елді мекеннің барлық тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілді.
- Қажеттінің бәрі үйіңізден 15 минуттық қашықтықта болғанын қалайсыз ба? Еуропаның көл елінде қазір осындай жобаларды қолдаушылар қатары артып келеді.