Кипрге ағылған мигранттар саны азаймай тұр

Кипрге биыл ағылған келімсектердің қатары азаймай отыр, деп хабарлайды 24kz.

Олардың саны, әсіресе, қыс айларында артқан. Босқындардың көбі Йемен және Сирия азаматтары. Қазір елдегі мигрантарды қабылдау орталықтарында шамамен 800 адам кезек күтіп, күнен күнге артып барады. Жергілікті билік келімсектердің көбеюі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына кері әсер ете ме деп қауіптенеді. «Бұдан бөлек, ұлттық бірегейлік пен демография саласына зияны тиюі мүмкін», - дейді.