Дауылдан зардап шеккен Майотта жұртына көмек жетті

Көптен күткен көмек жетті. Францияның Үнді мұхитындағы Майотта аралына 30 тоннадан астам азық-түлік пен 108 тонна ауызсу жетті.

Бұл көмектің жартысы ғана. Дауыл кезінде жолдар бүлініп, жабылып қалғандықтан жүк тек әуе арқылы тасымалданып жатыр. Аймақта жағдай қиын. Ауруханалар науқасқа лық толы. Ресми дерекке сәйкес, табиғат апатынан 35 адам опат болған. Дәрігерлер елде ауызсу тапшылығынан тырысқақ өрши ме деп қауіптенеді. Естеріңізде болса өткен аптада аралда алапат дауыл соғып, тұрғындар қатты зардап шеккен болатын.