Екібастұздағы балық өңдейтін цехтан 15 түрлі өнім шығады

Екібастұз – тек кеншілер қаласы емес, мұнда отандық өнімнің сапасын ту еткен кәсіпорындар да аз емес. Солардың бірі – балық өңдеу цехы. Ат шаптырым аумақты алып жатпаса да, мұнда сапа бірінші кезекте. Тұздықтарды дайындау тәсілін көпшілік біле бермейтін кәсіпорында «Made in KZ» бағдарламасы болып қайтты.