Қазақстанда оқалы жапсырмалар қалай жасалады? | Made in KZ

Киімнің иығы немесе жеңіне тігілетін оқалы белгі – әу баста әскерилерге ғана тән болған. Алайда бертін келе мұндай жапсырманы қолдану аясы кеңи түсті. Оқушылардың қай мектепте оқитынын, не спортшылардың қай клубта жаттығатынын ажырату мақсатында киімдеріне шеврон деп аталатын жапсырма тігіледі. Алдағы бірнеше минуттың ішінде Қазақстанда оқалы жапсырмалар қалай жасалатынын көрсетеміз.