Жайық арнасынан асып тұр
Атырау облысындағы Жайық өзенінің деңгейі жіті бақылауда.
26 мамыр, яғни бүгін таңертеңгі жағдай бойынша Индебор, Махамбет ауылдары мен Атырау қаласында өзен арнасы қауіпті деңгейден әлі асып тұр. Ал Жаңаталап пен Еркінқала ауылдарында Жайықтағы су деңгейі 3 сантиментрге көтерілгенімен қауіпті деңгейден төмен. Жалпы ел бойынша 26 млн астам текше метр су сорылып, 8 млн қапшық және 1,5 млн тоннадан астам инертті материал төселді. Тасқыннан зардап шеккен аймақтарда 61966 адам өз үйіне оралды. 5316 адам эвакуациялық пунктте орналасқан.