Спорттық мектеп формалары қалай тігіледі? | Made in KZ
Қазақстанда 50-ге жуық спорт мектебі бар. Олардың дені балалар мен жасөсіпірімдерге арналған мекемелер. Спорттың небір түрімен айналысатын жеткіншектер түрлі сайыстарда бағын сынайды. Мұндай сәттерде оларды өзге топтардан ерекшелендіретін, команданы жігерлендіретін нәрсе - ол әрине, спорттық формасы. Алдағы бірнеше минутта Астанада арнаулы спорт киімдерінің қалай тігілетінін көрсетеміз.