Дизайнерлік орындық өндірісі

Мысыр перғауындарының тағы - ағаш орындықтың арғы атасы саналады. Олай деуіміздің себебі - жиһаз бұйымына қатысты алғашқы дерек Ежелгі Египеттің жазбаларында кездеседі. Бүгінде дүниежүзі халқының тұрмысында қолданылатын ағаш орындықтардың небір түрі бар. Алдағы бірнеше минутта Астанада заманауи жиһаз бұйымының қалай жасалатынын көрсетеміз.