Табиғи тастан жасалған үстел өндірісі
Гранит, мәрмәр, оникс. Дәл осы табиғи тастардан қазір ас үй үстелінің үстіңгі жақтауын дайындау трендке айналған. Әрине бұл қымбат материал, дегенмен дәл осы табиғи тастан жасалған үстел беті өте төзімді болып келеді. Түрлі механикалық зақымға төтеп береді. Тіпті қажет болған жағдайда тегістеу арқылы қайта бастапқы қалпына келтіруге болады.