Қант өндірісі
Қант немесе құмшекер – тәтті дәмі бар суда еритін көмірсулар. Немесе сахарозаның балама атауы делік. Оның жасалу жолына байланысты бірнеше түрі бар. Қант қамысы, қызылша, үйеңкі, құрма пальмасы немесе бал жүгері қанты. Жалпы шекер тұздан кейінгі сұраныстағы екінші консервант. Ал кондитерлік өнімдер дайындау үшін қант таптырмайтын, баламасыз өнім саналады. Бүгінгі хабарымыз қант өндірісі жайында.