Құрақ көрпе өндірісі немесе қыз жасауы
Қазақ халқының ежелден келе жатқан әдемі дәстүрі бар. Ол ұзатылған қыздың артынан қыз жасауын апару. Иә, ұядан ұшқан қыз бен қалыңдық алып, отбасын құрған жастардың өмірі оңай басталсын деген ниетпен ертеде жігіт жақ енші берсе, қыздың ата анасы отаудың ішін толтыратын дүниесін апарған. Бүгінгі хабарамызда сол қыз жасауына қосатын құрақ көрпенің жасалу жолы жайында.