Меринос қой жүнінен жасалған бұйымдар көптің сұранысына ие
Ата-бабамыз төрт түліктің терісін жүнін киім-кешек, тұрмыстық заттарды жасауға пайдаланғаны ежелден мәлім. Ал бүгінде қол өнершілер заман ағымына ілесу үшін түрлі жаңа технологияларды меңгеріп, трендке айналған бұйымдарды жасап жүр. Қойдың жүнінен жасалған картина дегенді естуіңіз бар ма?