Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң | Мәжіліс Live

7 млн-нан астам қазақстандықтың банкте кредиті бар. 1 жарым млн азамат проблемалы борышкер тізімінде. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң қаржылық қиын жағдайға ұшыраған халықтың жағдайын түзелте ме? Банкрот атанған азаматқа қандай міндеттеме жүктеледі? Елдегі әскери полиция органдарының мәртебесі, құзіреті мен қызметін реттеу жетілдіріледі. Енді әлеуетті ведомство аясындағы «қызметкер» ұғымы «әскери қызметші» деп ауыстырылады. Әскери полиция органының саяси партиядан дербес болу принципі енгізіледі. Парламент Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған осы және өзге заң жобалары жайында сәлден соң жан-жақты тарқатып айтамыз.  

 

"Мәжіліс Live" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.