Заңсыз шығарылған тауар тасымалын қадағалау күшейеді | Мәжіліс Live

Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер арасында заңсыз шығарылған тауар тасымалын қадағалау күшейеді. Жалған логотип іліп, өндірілген орны жасырылған өнімдер енді Одақ аумағына кіре алмайды. Ортақ ратификациялық құжатты мәжіліс депутаттары бекітті. Ал Келісімнің өзіне ТМД елдерінің Үкімет басшылары 2021 жылдың мамырында қол қойған.