Тозған техника қашан жаңарады?

Ауыл шаруашылығы техникаларының 10 пайызын жыл сайын жаңартып отыру қажет. Қазір оның жартысы ғана орындалып отыр. Тозығы жеткен техника жанар-жағармайға жұмсалатын шығынды 20 пайызға арттырады. Әрбір егін науқанында жиналатын өнімнің 14 пайызы да содан жоғалады.