Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады
Жамбыл облысының Мирный ауылы маңында жел электр станциясы салынады. Онда 1 гигаваттқа дейін электр энергиясын өндіру көзделіп отыр. Жоба Қазақстан мен Франция Үкіметтері арасындағы жаһандық жылынуға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты іске асыру туралы арнайы келісім аясында жүзеге аспақ.