Сауда-саттық саласын дамыту
Елде барлығы 722 базар болса, соның 460-ы әмбебап сауда алаңы. Бүгінде 121 базар заман талабына сай жаңғыртылған. Қалған 74-ін 2025 жылға дейін жаңарту жоспарланып отыр. Ол үшін жергілікті әкімдіктер мен меншік иелері жол картасын бекітті. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ішкі нарықтағы ахуалды Мәжілістегі Үкімет сағатында баяндады.