Байланыс сапасы жақсарады
Бұдан былай байланыс желілері елді мекендердің бас жоспарына қарай орналастырылады. Сондай-ақ республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарды кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету талап етіледі. Мәжіліс цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын жақсарту туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.