Шекаралық шектеулер жеңілдейді

Енді түркі елдері арасында тасымалданатын жүк пен көліктерді кедендік тексеру азаяды. Ол үшін мәжіліс депутаттары Түркі ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялады. Айта кетейік, тараптар 2022 жылы Самарқандта бас қосып, келісімге қол қойған болатын.