Тасымалдау тәртібі жеңілдеді
2040 жылы Транскаспий теңіз бағыты арқылы тасымалданатын жүк көлемі 470 мың контейнерге дейін көбеюі мүмкін. Қазақ Қытай билігі екі ел арқылы өтетін тасымалдау қызметін одан әрі дамытуға ниетті. Осы ретте мәжіліс депутаттары Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту жөніндегі келісімді ратификациялады. Сондай ақ, құжат арадағы жүк тасымалдау уақытын екі есе қысқартуға мүмкіндік бермек. Ол үшін мемлекеттер «өтпелі» транзитті декларациялау процесін автоматтандыру арқылы шекаралық шектеулер мен тексерістерді азайтуға ниетті.