Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекітті

Басты мәселе – бюджеттің тұрақты тапшылығы. Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов соңғы жылдары шығындар едәуір өскенін айтты. 4 жылда шығыстарымыз 10 трлн теңгеге көбейсе, кірістер 8 трлн-ға ғана ұлғайған. Ұзақ мерзімді жоспар қажет. Кірісті арттыру үшін көлеңкелі экономикамен күресті күшейту маңызды.