Жүрек соқпай, қан айнала ма?
Адамның жүрегі өзінің жұдырығындай ғана. Кішкентай демесеңіз бойдағы қанды жүгіртіп, адамды адам қылып тұрғанда осы жұдырықтай жүрек. Минутына кемі 60, арысы 100 рет соғады екен. Ал сәбидің жүрек қағысы бұдан екі еседей артық. 140-180-нің айналасы. Бірақ жас ұлғайған сайын жүрек қағысы да азая береді.