Көкжөтелден қандай қауіп бар?
Көкжөтел - жұқпалы ауру. Қоздырғыш бактериялар сыртқы ортада қауқарсыз болғанымен, баланың тыныс органдарына енсе, өсіп-өнеді. Бір баланың жөтелгені екіншісіне дерт болып жабысуы мүмкін. Абайламаса ыдыс аяқ, ойнаған ойыншықтан да жұғып үлгереді.
Көкжөтелдің алдын алу үшін вакцина салдыру керек. Бірақ ата-аналардың көбі балаға екпе ектіре қоймайды. Сол себепті аурудың таралуы көбеймесе азаяр түрі жоқ.