Олар бала жүрегін емдейді
Жүректің туабітті ақауларын Астанадағы балалар кардиохирургиялық клиникасында емдейді. Өз ісінің білгір мамандары бұл жерде кішкентай шақалақтардан бастап, сирек болса да, үлкен азаматтарға дейін ота жасайды. Жастайынан дертті болып дәрігерге жүгінген талай бала, талай жан осы жерден дертіне дауа тауып, жазылып шықты. Ауру асқынбаса, дәрігерге серт. Мамандар отаның бәрі сәтті өтетінін айтады.