Әрбір үшінші адамға қан керек болады
Қан тапсырған донор үш адамды өлімнен құтқарады. Ал жер бетіндегі әрбір үшінші адамға қан керек болады. Әлемдік статистика осылай дейді. Донорлар әр екі ай сайын келуге дағдыланған. Сол себепті бір донордың өзі ауруханадан қан құйдырған бірді екілі адам емес, ондаған, жүздеген науқастың періштесі деп біліңіз. Өйткені өмірде қилы жағдайлар кездесетіні анық. Жалпы ересек жанның бойында 5 жарым литр қан жүріп тұрады. Ал бір қан тапсыру процедурасында донордан небары 450 милилитрден аспайтын қан алынады.