Ауруды асқындырмаған жөн

Жұрт жаман ауру дейтін қатерлі ісіктің түрі көп. Соның бірі ұйқы безінің обыры. Ал ұйқы безінің адам организмінде атқаратын маңызы зор. Онсыз ас қорытылмайды. Инсулин шығаратын жалғыз орган - ұйқы безі. Ал инсулин қандағы қант мөлшерін азайтатын гормон. Тек ұйқы безінен ісік табылса жазылуы қиын. Дәрігерлердің айтуынша, науқас операцияға жараса қуанған жөн. Өйткені ісік өзге органдарға шаппаған, асқынбаған. Науқастың әлі де көрер жарығы бар деген сөз.