Кәрілікпен келген дерт
Адамның жасы ұлғайған сайын ауру да үйір келеді. Ауру сырқаудан бөлек ағза да қартайып, қызметі бәсеңдей бермек. Кәрілікке мойынұсынған адамның көбінде кездесетін аурудың бірі - қуықасты безінің аденомасы. Бұл урологияда жиі кездесетін аурулардың бірі. Статистика бойынша, 40 жастан асқан адамдардың 80 пайыздайы осы аурумен ауыруы мүмкін.