Орфандық аурулар: сирек кездесетін ауруларға ем табылып жатыр
Әлемде ауру түрлері көбейді. Сал болып қалған балалар, қозғалса сүйегі сынатын немесе өз денесін қалыпты ұстап тұра алмайтын кішкентайлардың біріне ем қонғанымен, екіншісі көзі жәудіреп үлкендерден көмек күтеді. Ал ол балақайлардың ата-анасы о бастан талай табалдырықты тоздырып жүргені аян. Мұндай жағдайлар біздің елде де көп. Сол себепті сирек кездесетін ауру түрлерімен жүйелі айналысатын орфандық ауруларды емдеу орталығы ашылған.