Елдегі медициналық мекемелердің жартысы ғана акредиттеуден өткен
Медициналық мекемелер сапалы қызмет көрсетуге тиіс. Бастысы білікті маман, заманға сай технология болуы керек. Ал медициналық мекемелеріміз қызмет көрсетуге қаншалықты әзір? Пациентке көмек көрсету деңгейі қандай? Мұны, яғни елдегі медициналық қызмет көрсету мекемелерінің қаншалықты талапқа сай екенін Ұлттық акредиттеу орталығы анықтайды.