Қазақ медицинасының өз даму жолы бар
Медицина тәуелсіздіктің төртінші онжылдығына аяқ басты. Өткен 33 жылда бұл сала дамып, әлемнің алдыңғықатарлы денсаулық сақтау жүйелерімен тең дәрежеде қызмет көрсете бастады. Қазір ұлттық орталықтар ғана емес облыс, аудандардағы медицина мекмелері заманауи құрал-жабдықтарға қол жеткізген. Соған орай күрделі операцияларды жергілікті дәрігерлер өздері жасай береді. Қиындық болса телемедицина көмекке келеді. Ал телемедицина қалада да, ауылда да күнделікті іске айналды.