Жылына 600 ана жатыр мойны ісігінен көз жұмады

Елде жылына 600 ана бір ғана ауру – жатыр мойны ісігінен көз жұмады. Бұл дерт әйелдер арасында сүт безі қатерлі ісігінен кейінгі екінші орында тұр. Мұның ең қиыны ешқандай белгі бермейді. Яғни, адам бойында бұл аурудың барын еш сезбейді. Ал жатыр мойны обырын тудырушы адам папилломасы вирусы.