Емханадағы кезек мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ
Адам ауырам демейді, бірақ басқа салса не шара? Емхананың табалдырығын аттауға тура келеді. Бірақ сізден басқа да кезегін күтіп отырған науқастар бар. Сол себепті алдын ала колл-орталық арқылы жазылып, дәрігердің бос болатын күнін күтуге тиіссің. Ал ол кезек кейде екі-үш күнге кешеуілдейді. Өйткені дәрігер аз, науқас көп. Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәселені шешу үшін біраз шаруа атқарды. Қазірде бірнеше жоба бар. Бірақ әлгі емханадағы кезек мәселесі әлі де күн тәртібінен түскен жоқ. Енді мұны шешудің жолы қандай?