Еліміз түрмедегі азаптау мен қатыгездікке қарсы күрес жүргізіп келеді | Міндет пен меже

Бүгінде еліміз түрмедегі азаптау мен қатыгездікке қарсы күрес жүргізіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорлау секілді орта ғасырлық құбылыстарды түбірімен жою қажеттігін айтып, тұтқындар мен тергеудегілерге зәбір көрсеткендерге жауапкершілікті күшейтуді тапсырған еді. Сонымен қатар мемлекет басшысы сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түзету мекемелерін жаңғыртуды міндеттеген болатын. Ол қалай атқарылып жатыр?