Жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру өте маңызды
Соңғы үш жылда ел аумағында жол-көлік оқиғаларының саны 9 пайызға өскен. Соның салдарынан 6,5 мыңнан астам азамат қаза тауып, 55 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл алаңдаталарлық жағдай. Осыған байланысты Мемлекет басшысы жол қауіпсіздігі деңгейін арттыру өте маңызды екенін айтып, құқық қорғау органдарына қауіпсіздік шараларын барынша жетілдіруді тапсырған болатын. Міндет атқарылып, межеге жеттік пе? Осыны білу үшін біз еліміздің ең ірі мегаполисі Алматы қаласына арнайы бардық.