Республика бойынша 270 мың оқушыға орын жетпейді
Бүгінгі таңда білім саласындағы өзекті мәселенің бірі – мектеп тапшылығы болып тұр. Республика бойынша 270 мың оқушыға орын жетпейді. Құрылыс қарқынын үдетпесе, 2026 жылға қарай білім ошақтарындағы орын тапшылығы 1 миллионнан асады деген болжам бар. Осы мәселені түбегейлі шешу үшін мемлекет басшысы үкімет алдына «Жайлы мектеп» жобасын жүзеге асыру міндетін қойды. Қасым-Жомарт Тоқаев білім алуға дұрыс жағдай жасау мемлекеттің аса маңызды міндеті екенін атап, апатты және үш ауысымды мектептерден біржолата құтылуды тапсырды. Ол қалай іске асып жатыр? Осыны білу үшін біз Ұлытау облысына арнайы бардық.