Үкімет алдағы 5 жылда ұлттық экономика көлемін 2 есе ұлғайтуы тиіс
2022 жылы Қазақстан 28 млрд доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартқан. Бұл соңғы онжылдықтағы рекордтық көрсеткіш. Ал былтырғы 9 айда елімізге шамамен 20 млрд доллар құйылған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше негізгі капиталға салынған инвестиция 14,6 пайызға өскен. Бірақ мұнымен тоқтап қалмай, бұл бағыттағы жұмыс одан әрі жетілдірілуі тиіс. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Үкімет алдағы 5 жылда ұлттық экономика көлемін 2 есе ұлғайтуы тиіс.