Ауыр жұмыстағыларға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді
Биыл 1 қаңтардан бастап елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді. Шынтуайтында, бұл бұрыннан талқыланып жүрген мәселе болатын. Кеншілердің көкейкесті мәселесі биік мінберлерден бірнеше жылдан бері айтылып жүрді. Еңбек адамдарының тағдыры үшін айрықша мәні бар заңнама өңірлерде қалай жүзеге асуда?