Қазақстанда 3 жылу электр орталығы салынады
Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Президенттің тапсырмасымен елімізде энергетика инфрақұрылымын жаңғырту жобалары іске асырылуда. Сондай-ақ, еліміздің үш қаласында - Көкшетау, Семей, Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтары салынады. Стратегиялық нысандарды модернизациялап, жаңа қуат көздерін іске қосу жобалары қалай іске асып жатыр? Осы сұрақтың жауабын білу мақсатында Абай облысына жол тарттық.