Ауыл халқының тұрмыс-тіршілігі мен әлеуметтік жағдайы қалай?

Қазақстан халқының 7,5 млн-ы ауылдарда тұрады. Ондағы ағайынның әлеуметтік әлеуетін арттырып, қажетті қолдау жасау қашанда күн тәртібінде. Қазақ басшысы да елді-мекендерді дамыту мемлекеттік негізгі міндеттерінің бірі екенін жиі айтады. Агросекторды да әркез бақылауда ұстайды. Салаға серпіліс беру үшін нақты тапсырмалар береді. Ауылдағы ағайынның жағдайы қалай?