Елімізде апаттық жағдайдағы 7 су қоймасы бар
Тәуелсіздік жылдарында 5 су қоймасы салынып, 16-сы қайта жөндеуден өткен. Ал қалғаны кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келеді. Салдарынан тораптардың дені тозған. Мәселен, 7 су қоймасының қабырғасы қақырап, құлайын деп тұр. 87-сінің де жағдайы алаңдатарлық. Мұны Мемелекет басшысы да баса айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев су нысандарының құрылысын қарқынды жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, көлкіген көктемгі қар суынан зардап шеккен қарашаны да қазаннан қалдырмай жаңа қонысқа кіргізуді, һәм құрылысты уақытылы аяқтауды тапсырды.