Елдегі жылу орталықтарының 80%-ы тозған. Президент пәрмен бергелі қандай өзгерістер бар?

Елдегі жылу орталықтарының 80%-ы тозған. Ал ескіні жаңғыртып, жаңа нысандарды салуға қаржы қат. Тартылған инвестиция көлемі саланың кем-кетігін жамауға жеткіліксіз. Бұл туралы Мемлекет басшысы жыл басында берген сұхбатында айтқан еді. Былтырғы жолдауында да жылыту маусымына дайындыққа ден қою керектігін ескерткен.

Президент пәрмен бергелі қандай өзгерістер бар? Мәселені «Міндет пен меже» бағдарламасының ұжымы бақылап көрді.