Қазақстанда тұрғын үй тапшылығы. Мәселе қалай шешіліп жатыр
Елде 650 мың адам үй кезегінде тұр. Күн санап бұқараның баспанаға деген сұранысы артып келеді. Мемлекет басшысы өңірлердегі тұрғын үй құрылысына қарқын беріп, салаға сыртқы салым тартуды тапсырды. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау үшін, заңнамалық қолдау көрсету керек екенін ескертті. Жыл сайынғы жолдауларында да тұрғын-жай тапшылығын жоюды жиі айтады.
Салада қандай өзгеріс бар, «Міндет пен меже» бағдарламасының ұжымы зер салып көрді.