Елде 8 млн халық көгілдір отынның игілігіне қол жеткізе алмай отыр
Елді мекендерді газдандыру - үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі. Көктемде өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы шалғай аймақтағы ағайынды көгілдір отынмен қамтамасыз ету ісіне қарқын беруді тапсырған еді. Ол үшін саладағы инфрақұрылымды жақсартып, тозған құбырларды жаңғыртуды тапсырды. Содан бері жауаптылар 1 700 шақырым газ желісін жаңалауға міндетті. Президент пәрмені қай деңгейде орындалуда? Мәселені міндет пен меже бағдарламасының ұжымы бақылап көрді.