Үкімет жыл соңына дейін энергетика саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітуге міндетті

Елдегі жылу электр орталықтарының – 65, ал желілердің – 53 пайызы ескірген. Саладағы тозу деңгейінің тым жоғары екенін биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы да баса айтты. Жай айтпайды, жауаптыларға нақты тапсырма берді. Мәселен, Үкімет жыл соңына дейін энергетика саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекітуге міндетті. Сондай-ақ, тариф саясатын қайта қарап, инвестиция тарту ісін ілгерлету керек. Саладағы өзге де түйінді түйткілдерге «Міндет пен меже» бағдарламасының ұжымы бақылау жасап көрді.